Қазақстандықтар наурызда не тыңдады, не оқыды, не көрді — бас мәдени трендтер

Наурыз аяқталды, демек, өткен айды қорытындылап, халық қандай музыка тыңдап, қандай кітап оқып, қандай фильм көргенін еске түсіретін уақыт келді. Яндекс Плюс наурыз айында жазылушылар арасында танымал болған тректер, кітаптар мен фильмдердің үздік топтамасын дайындады.

Яндекс Музыкада не тыңдалды?

Яндекс Музыкада не тыңдалды?

Қазақстандағы тыңдармандардың музыкалық талғамын Суперлонч — демалыс күндеріндегі ең көп тыңдалған жаңалықтардың апталық тізімі арқылы көруге болады.

Наурыз айында Суперлонч көшін 41 қазақстандық әнші бастаған. Ал айдың соңғы аптасында тыңдармандардың сүйіктілері мына әртістер болды:

Суперлонч плейлисі Яндекс Музыка қолданбасында және десктоп-нұсқасында бас бетте шығып тұрады.

Яндекс Кітаптарда не оқылды?

Кітап оқу — Қазақстан азаматтарының күнделікті өміріндегі маңызды элемент. Наурызда жазылушылар іскерлік әдебиеттер мен көркем шығармаларды қатар оқыған.

Айдың ең танымал кітаптары:

  1. Вэй Сюин — «Метод Гарварда. Как обучают будущих лидеров в самом престижном университете мира»
  2. Даниэль Канеман — «Думай медленно… Решай быстро»
  3. Ю Джин Пом — «Ресторан 06:06:06»
  4. Марғұлан Сейсембай — «Миссия выполнима. Технология счастливой жизни»
  5. Евгения Сихимбаева — «20 обычаев Казахстана»

Бұл кітаптарға көшбасшы болу, шешім қабылдау психологиясы, кәсіпкерлік пен ұлттық мәдениет тақырыптары жазылған.

Кинопоиск платформасында не қаралды?

Стримиңдік сервис Кинопоиск наурызда ең көп қаралған фильмдер мен сериалдардың тізімін ұсынды. Үздік бестікке екі қазақстандық фильм енген:

Qazaq Alemi— Нұрлан Қоянбаевтың бас жаңа жылдық хиты. Ауылдан Алматыға арман қуып келген екі достың хикаясы баяндалады.

«Келінжан 3» — танымал франшизаның жаңа маусымы. Бас оқиға — ауыл әкімін сайлауға қатысатын Мәдібектің тағдыры.

«Телохранители»— комедиялық сериал. Екі боксшы танымал адвокатты қорғаушы болып жұмысқа орналасып, түрмеден құтылуға тырысады.

«Приключения Паддингтона 3»— Паддингтон аюының шытырман оқиғасын баяндайтын отбасы көретін фильм. Қазақ тілінде дубляждалған.

«Сен маған керексің»— суперқабілетке ие болған қарапайым электрик туралы фантастикалық экшн. Оған арнайы қызметтер назар аудара бастайды.

Наурыз айының статистикасы Қазақстан халқы алуан түрлі контентті таңдағанын көрсетіп отыр. Отандық әншілерге, кітаптарға және фильмдерге қызығушылық артып келеді. Цифрлық платформалар онлайн-контент тұтыну мәдениетін дамытып жатыр.

Сәуірде Кинопоиск платформасынан не көруге болады?

Бұл айда видеосервис түрлі жанрлы жаңа фильмдермен толықты — қазақстандық комедиялардан бастап, культтік анимелер мен жаңа сериалдарға дейін. Назар аударуға тұрарлық туындылар:

«Бишарашки в Таиланде» — кәсіпкер Байтемірдің отбасына қатысты оқиғалардың жалғасы. Бұл жолы олар Таиландқа барады.

«Кеттік бәрін таста»— екі актер сәтсіздіктің салдарынан еңбек құлдығына тап болады. Қайрат Әділгерей түскен эксцентрлік комедия.

«One Punch Man» (1–2 маусым) — кез келген қарсыласын бір соққымен жеңе алатын суперқаһарман туралы культтік аниме.

«Чёрный клевер» (1–4 маусым) — бірі сиқыр патшасы болуға уәде еткен екі дос жайлы аниме.

«Между нами химия»— ауыр дертке шалдыққан әйелдің балаларын кімге тапсыратынын шешуге тырысуы жайлы драмеди.

«Беспринципные в Питере»— Мәскеудің бай, ерке тұрғындарының Санкт-Петербургтегі оқиғасы.

«Челюскин. Первые»— аты аңызға айналған мұзжарғыш «Челюскин» экипажының ерлігі жайлы тарихи драма.

Мамырда тағы қандай хиттер шығады? Уақытында көреміз!