Басты бетЖаңалықтарЕсіл деңгейі көтерілді: тоғыз жылқы суда қалып қойды

Есіл деңгейі көтерілді: тоғыз жылқы суда қалып қойды

ТЖМ құтқарушылары тоғыз жылқыны суға кетуден құтқарды. Бұл туралы ведомсвтоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақмола облысында Есіл өзенінің деңгейі жоғарылаған. Соның салдарынан тоғыз жылқы судың ортасында қалып қойған.

Жылқыларды су тұтқынынан құтқару үшін ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке келді. Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.

Құтқарушылар жылқыларға жүзу құралдарымен жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап шығарды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да