Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматының ботаникалық бағы жазғы уақыт кестесіне ауысты

Фото: Бақдәулет Абдуали
Алматының ботаникалық бағы жазғы уақыт кестесіне ауысты. Бұл туралы бақтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ресми мәлімет бойынша, қала тұрғындары бас ботаникалық баққа күнделікті сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін бара алады.

1 сәуірден бастап ботаникалық бақ жазғы кестеге көшкенін хабарлаймыз. Енді біз күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін ашық боламыз. Касса жұмысындағы техникалық үзіліс: сағат 15:00–15.30, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, әр айдың бірінші дүйсенбісінде ботаникалық бақта санитария күні өтеді. Санитария күні техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін.