Басты бетҚоғамЭнергетикалық сусындар...

Энергетикалық сусындар жүрек жұмысын бұзады

Калифорниядағы америкалық кардиологтар энергетикалық сусындардың зиян екенін дәлелдеп отыр. Олар зерттеу үшін Трэвис әуебазасының әскери қызметкерлеріне тәжірибе жасаған.

Қызметкерлердің 75% энергетикалық сусындар ішкен. Кардиологтар зерттеуге қатысқан еріктілерді екі топқа бөліп, біріншісіне тек энергетикалық сусындар, екіншісіне құрамында кофеин бар сусын берген.

Энергетикалық сусын ішкендерде QT интервалының 10 миллисекундқа ұзарғаны байқалған. Бұл жүрек қағысының аралығындағы үзіліс. Осы үзіліс не тым қысқа, не тым ұзақ болса жүрек жұмысы бұзылады. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді.

Зерттеу авторы Эмили А.Флетчер: «Энергетикалық сусындар құрамында жүрек – қан тамыр жүйесіне қауіпті заттар бар»,- дейді.

ДереккөзInform.kz