Наурыз – бұл бірлік, көктемгі жаңару және жылы кездесулер уақыты. Yandex Qazaqstan қазақстандықтарды мерекемен жаңа белсенділіктер және өз сервистерін безендіру арқылы құттықтады.
Яндекс Поиск: болжамдары бар қар барысы
20-25 наурыз аралығында Яндекс Поиск сервисінің басты бетінде мерекенің дәстүрлі символы – қар барысы мен домбыраның бейнесі пайда болады. Суретті басқан кезде барыстың күлкілі болжамы бар бет ашылады, мысалы: «Әже мен ата сіздің сүйікті бауырсағыңызды қуырып жатыр. Қуантайық оларды, айналайын!». Болжамдар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Наурызға қарай Барыс жаңартылған күйде ауа-райы туралы сұраулар бойынша іздеу нәтижелерінде де пайда болады.
Алиса мен ойын-сауық сервистерінен мерекелік көңіл-күй
Ақылды бағанның Алиса виртуалды ассистенті мерекеге дайындалуға көмектеседі: ол елдің әртүрлі аймағында Наурыздың қалай өткізілетінін айтып береді, мәзір жасайды және ұлттық тағамдардың рецептерімен бөліседі, тіпті жақын адамдарға құттықтауларды ойлап шығарады.
Яндекс Музыка қолданбасында «Наурыз» атты арнайы баптау пайда болды. Енді қазақстандық музыканттардың орындауындағы мерекелік композицияларды тамашалауға болады. Ал Кинопоиск сервисінің пайдаланушылары қазақ дубляжымен шетелдік жаңа өнімдерді көре алады, олардың арасында «Веном. Соңғы би», сондай-ақ «Келінжан 3» және «Qazaq Alemi» сияқты қазақстандық фильмдер бар.
Алматы қаласында Яндекс Go-дан «Бірге» фотоаймағы
20 наурызда Алматы қаласында Mega Alma-Ata СОО алдында Яндекс Go Наурызға арнайы құрылған «Бірге» мерекелік фотоаймағын ашты (Розыбакиев көшесі, 247а). Кеңістік ашық хаттар стилінде безендірілген, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына көктемгі мереке атмосферасында жарқын суреттер түсіруге мүмкіндік береді. Фотоаймақ Наурызға арналған «Бірге» ауқымды жарнамалық науқанының бір бөлігі болып табылады. Биылғы жылы компания мерекенің басты құндылығы — бірлікке баса назар аударады. Науқан аясында Яндекс Go самокаттары мен таксилері дәстүрлі ою-өрнектер және мерекелік рәміздермен безендіріліп, қала көшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Амал мерекесіне орай стикерлер топтамасы
Яндекс Go азық-түлікке тапсырыс беру сервисі мен қазақстандық суретші Анелия Бекбасованың ынтымақтастығы аясында Амал (Көрісу күні) мерекесінен шабыттанған стикерлер топтамасы пайда болды. Стикерлерді Яндекс Go сервисінде мейрамханалардан тағамға тапсырыс беру арқылы алуға болады, мессенджерлерге арналған стикерлердің сандық нұсқасы да бар. Стикерлердің кескіні дәстүрлер мен Амал символдарын бейнелейді. Стикерлер көктемгі мерекенің жылуы мен көңіл-күйін ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі.
Yandex Qazaqstan Технологиялар мұражайындағы ойын турнирлері
22-25 наурыз аралығында сағат 10:00-20:00 аралығында Yandex Qazaqstan Технологиялар мұражайында барлық тілек білдірушілер үшін сүйікті ойындардың турнирлері өтеді:
— 22 наурыз – Tetris (Nintendo Entertainment System);
— 23 наурыз – Quarth (Денди);
— 24 наурыз – Pacman (аркадалық нұсқа);
— 25 наурыз – Shoot ‘Em Up Nemesis (аркадалық нұсқа).
Жеңімпаздардың үштігі әр күннің қорытындысы бойынша анықталатын болады. Қатысушылар стильді футболка, пайдалы және ыңғайлы кружка немесе ретрокомпьютерлері бар естелік белгішелер алады.