Басты бетЖаңалықтарАстанада «Біздің дастархан» деген балалар суретінің көрмесі ашылды

Астанада «Біздің дастархан» деген балалар суретінің көрмесі ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында Астанадағы Оқушылар сарайында «Біздің дастархан» деген балалар сурет байқауына қатысқандардың көрмесі ашылып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

Жарысқа елордадағы 20 мектептен 150-ден астам бастауыш класс оқушысы қатысқан. Жұмыстар ұлттық тағамдар дәстүріне арналған.

бала, сурет
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

Байқау 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы қаңтарға дейін өткен еді. Бұл өскелең ұрпақ арасында салауатты тамақтану мәдениетін насихаттауға бағытталған маңызды білім беру бастамасы болды. Биыл жас суретшілер әртүрлі жанрды қолданвпиы: натюрморт, акварель және графикалық жұмыстар, кескіндеме. Олар сүйікті тағамды және бір дастархан басында ас ішетін отбасы дәстүрін бейнелейді.

Бала, сурет
Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

10 жеңімпаз бен 11 лауреат марапатталды. Олардың жұмыстары байқау тақырыбын ерекше айқын көрсетті.

Жас қатысушылардың суреті шынымен де әсерлі: әрқайсы көркемдік шеберлікті ғана емес, отбасылық дәстүрлердің құндылығын терең түсінгенін байқатты. Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру бүгінгі күннің міндеті емес, болашақ ұрпақтың денсаулығына салынған инвестиция, — деді Астана әкімдігінің Әдістемелік орталық басшысы Анар Досмұхамет.

Фотоны ұйымдастырушылар ұсынды

Балалар шығармашылығы – баланың қиялын дамытуға, өзін-өзі көрсетуге және қоршаған әлемдегі сұлулықты тамашалауға көмектесетін дамудың маңызды кезеңі. Біз көркем ойлауға үйренуді және шығармашылық бастамаларды қолдауды неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым балалардың даралық пен өзіне деген сенімін дамытуға мүмкіндік көп болады. Мұндай байқаулар балаларға дарынды танытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, дәстүр мен отбасылық құндылықтардың маңызын түсінуге көмектеседі, — деді суретші-иллюстратор Әйгерім Әбілқайырова.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да