Басты бетЖаңалықтарЕліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.

20 наурызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с жетеді.

20 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с барады. Қонаев қаласында 20 наурызда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетуі ықтимал.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

20 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

20 наурызда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, күндіз жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Петропавл қаласында 20 наурызда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар тұман түседі.

20 наурызда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

20 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

20 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында 20 наурызда тұман күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да