Басты бетЖаңалықтарЕрболат Досаев Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

Ерболат Досаев Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесті.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қала басшысы Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.

Беларусь – Алматының маңызды экономикалық серіктесі. Қалада белорус капиталы бар 405 кәсіпорын жұмыс істейді, ал 2024 жылы Алматы мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 300 млн АҚШ доллар болған.

Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да