Басты бетЖаңалықтарМүфтият: Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр

Мүфтият: Мейрамханалар ауызашар бағасын шарықтатып отыр

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздегі мейрамхана, кафе иелерін қасиетті Рамазан айында халыққа қолжетімді бағада ауызашар ұйымдастыруға шақырды.

Дінбасылардың айтуынша, кейінгі жылдары ауызашар мәзірінің бағасы шарықтап, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып барады.

Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді, – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.

Діни басқарма қасиетті айда дастарқан жайып, ауыз бекіткен жандарға ас беру – үлкен сауап екенін атап өтті. Алайда кейінгі жылдары елімізде бірқатар мейрамханалар ауызашар мәзірінің бағасын тым жоғары қойып, халықтың наразылығын тудырып отыр.

Дін мамандары ауызашар дастарқаны қарапайым болуға тиіс екенін айтып, кәсіпкерлерді көпшіліктің қалтасына сай қолжетімді мәзірлер ұсынуға шақырды. Сонымен қатар мұсылман жамағатын жетім-жесірлер мен мұқтаж жандарға ауызашар ұйымдастырып, қайырымдылық жасауға үндеді.

ҚМДБ қасиетті Рамазан айының берекесі саудамен емес, шынайы сауаппен келетінін еске салып, халықты рухани тазаруға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да