Басты бетЖаңалықтарЕліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықта орналасқан. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

ҚР ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 6 сағат 15 минутта жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта). Келес ауданының Абай ауылында 3.0 б., Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3.0 б. шамасында болған. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, — делінген хабарламада.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониториң жүргізді. Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексерді.

Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да