Ресей мен ТМД елдерінің экономикасы одан әрі нашарлайды

ХВҚ Ресей экономикасы 2016 жылы 1%-ға кемиді (қазан айындағы есепте құлдырау 0,6% болатыны туралы көрсетілген еді), ал ТМД елдерінің ЖІӨ 0,5-тен 2,3%-ға дейін қысқарады деп болжауда.

Қор Ресей экономикасы тек 2017 жылы ғана өсе (1 пайызға) бастайды деп күтеді. ТМД елдерінің экономикасы Ресейді есептемегенде 3,2%-дық өсім көрсетеді.

ХВҚ мамандары әлемдік экономиканың өсімі де баяулайды деген пікірде. 2016 жылы бұл көрсеткіш 3,4% болуы мүмкін. Басты себеп – қытай экономикасының тежелуі мен «қайта құрылуы», ірі дамушы нарықтардағы (Бразилия, Ресей) түйткілдер және шикізат бағасының құлдырауында жатыр.

ДереккөзСentralAsia