Басты бетЭкономикаСаудагерлер заңды...

Саудагерлер заңды тұлға ретінде тіркеле бастады

Сауда саласындағы кәсіпорындардың ішінде 57,3%-ы заңды тұлға болса, қалған 42,7%-ы жеке кәсіпкерлер. Ақпан айында заңды тұлғаға өткендер 53%-ды ғана көрсеткен еді.

Республика бойынша Астана қаласында сауданың қарқын алғаны байқалады. Елордадағы бөлшек сауда айналымы 19,9 млрд теңгеге көбейіп, 80,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 12,5%-ын құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Астананың үлесі 10,6% болған еді.

Сонымен қатар, ШҚО-дағы бөлшек сауда айналымы айтарлықтай ұлғайып, 12,3% өсіммен 58,5 млрд теңгеге жетті.

Ал үшінші орында Қарағанды облысы. Орталық Қазақстандағы саудагерлердің кәсібі 9,7 млрд өсіммен 60,8 млрд теңгеге жетті.

Тауар түрлеріне тоқталар болсақ, бөлшек сауданың 38,1%-ы азық-түлікке тиесілі. Бұл көрсеткіш ақпан айында 37,5% болған еді.

ДереккөзEgemen.kz