Басты бетОрал-Астана бағытында...

Орал-Астана бағытында жаңа пойыз қатынайды

Орал вокзалының бастығы Қайырболат Ғайнеденнің айтуынша, пойыз Астананың тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алатын жаңа вокзалына тоқтайтын болады. Ал бұрыннан бар №57 және №58 пойыздары ескі вокзалға аялдайды.

Оған қоса «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызын іске қосу да күн тәртібінен түскен жоқ. Айта кетейік,  техникалық себептерге байланысты Алматы-Мәскеу бағытында қатынайтын пойыздың жолы қысқарып, 1 маусымнан бастап Саратовтан кері қайтатын болады. Бірақ оның Қазақстан аумағындағы жолақысы өзгермейді.

ДереккөзInform.kz