Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында биыл қалада сегіз студенттер жатақханасы ашылатынын хабарлап отыр.
Оның айтуынша, былтыр 4 мың 200 орынға арналған жеті студенттер жатақханасы салынып, пайдалануға берілді. Олар – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Тұран Астана» университеті, Медицина университеті, Astana IT university студенттеріне және тағы басқаларға арналған жатақханалар.
Биыл тағы сегіз жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар қосымша 3,5 мың орын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына оқу ғимараттарын салу үшін жер учаскелері бөлінді, онда студенттер жатақханаларының құрылысы да қарастырылған, — деді Жеңіс Қасымбек.