Басты бет / Қоғам /
f38a468e497336f7e3144a22393a4ca9 Нейрожелісі бар Яндекс Іздеу нақтылайтын сұрақтарға жауап беруді үйренді
Фото: Яндекс Іздеу

Нейрожелісі бар Яндекс Іздеу нақтылайтын сұрақтарға жауап беруді үйренді

Енді Қазақстан азаматтары Нейрожелісі бар Яндекс Іздеуге сұрақтарды диалог режимінде қоя алады. Нейрожелілер негізінде жұмыс істейтін сервис әңгіменің контексін түсініп, нақтылайтын сұрақтарға жауап бере бастады. 

Мысалы, Бірінші дүниежүзілік көрме қай қалада өткенін сұрап, кейін бұл көрме басталғаннан неше рет өткенін, көрмеде ұсынылған ең қызық өнімдер туралы сауал қоюға болады. Қолданушы Наурызда демалысты қалай өткізуге болатын нұсқаларын іздеп жатқан кезде жолшыбай бүкіл отбасына жарайтын идеяларды да нақтылай алады. Қолданушы диалогта бес нақтылайтын сұраққа дейін қоя алады. Әдетте сұрақтардың осы көлемі тұшымды жауап алуға жеткілікті. 

Нейрожауаптарды сұрау жолағы астынан дәл іздеу нәтижесінен көруге болады. Жауаптар интернтетте жақсы жауабы жоқ сұрау бойынша шығады. Осындай жағдайда Нейро түрлі дереккөзден табылған ақпаратты талдап, нейрожелі арқылы тұшымды жауап дайындайды. Нейрожелінің жауабын алу үшін Нейрожолағына да өтуге болады. 

65a139c4e7665375938b853556fec1fe Нейрожелісі бар Яндекс Іздеу нақтылайтын сұрақтарға жауап беруді үйренді
Фото: Яндекс Іздеу
5232c138641ca58c1c6e10f94e8ade43 Нейрожелісі бар Яндекс Іздеу нақтылайтын сұрақтарға жауап беруді үйренді
Фото: Яндекс Іздеу

Yandex Qazaqstan – машиналық оқу және нейрожелі негізінде өнімдер мен сервистерді шығаратын технологиялық өндіріс. Компания Қазақстанда цифрлық ортаны дамытуға, қолданушылар өмірін жақсартуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізумен айналысады. Қазір елде іздеу қызметі, қалалық, бұлтты және ойын-сауық сервистері істеп тұр. Әзірлеушілер білім беру және әлеуметтік жобларды дамытумен де айналысады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram