Басты бетЖаңалықтарШерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысқан.

Іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы өтті, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, беттеусілер өтті, сонымен қатар қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жасалды, — делінген хабарламада.

Тергеу аясында сегіз бейнематериал зерттелген. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

11 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да