Бұл аурудан адамдардың қайтыс болғаны жайлы хабар ТМД-ның бірқатар елінде тарады.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 5 бірдей науқастың осы дертттен өлгені тіркелді. Қаланың ауруханаларында H1N1 вирусын жұқтырды деген күдікпен 310 адам жатыр. Роспотребнадзор төрайымы Анна Попованың сөзінше, Ресейдің 17 өңірінде ондаған адам ауруханаға жеткізілген.
Украина денсаулық сақтау министрлігі 51 адамның осындай аурудан көз жұмғанын растады. Арменияда шошқа тұмауынан 16 адам өлген.