Басты бетЖаңалықтарАстанада мыңға жуық адамға қандас статусы берілді

Астанада мыңға жуық адамға қандас статусы берілді

Астанада 2025 жылдың басынан бері 72 адам қандас статусын алған. Бұл туралы елорда әкімінің ресми сайты хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елордада 72 адам қандас статусын алды – 45 әйел және 27 ер адам. Оның 52-сі Өзбекстаннан, жетеуі Ресей Федерациясынан, алтауы Қытайдан, бесеуі Түрікменстаннан, Моңғолия мен Түркиядан бір-бірден келген. Еңбек жасындағы үміткерлер саны – 40 адам, мектепке дейінгі және мектеп жасында – 26 адам, алтауы – зейнеткер.

Еңбек жасындағы үміткерлердің 16-сы ның жоғары, 16-сының орта арнаулы, сегізінің жалпы орта және бастауыш білімі бар. «Мамандық (біліктілік) бойынша білім беру саласында – жеті адам, денсаулық сақтауда – бес, басқа мамандықтар бойынша – 28 адам, – деді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.

Сонымен қатар жыл басынан бері елорда 27 этникалық қазаққа қандас статусы ұзартылды. Алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақтардың отбасын біріктіру мақсатында екі шақырту берілді.

2024 жылы Астанада 969 адам қандас мәртебесін алды, олардың 544-і Өзбекстаннан, 221-і Қытайдан, 132-сі Ресей Федерациясынан, 48-і Моңғолиядан, сегізі Түрікменстаннан, тоғызы Қырғызстаннан, екеуі Ауғанстаннан, үшеуі Кипрден, екеуі Тәжікстаннан келген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да