Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

Жамбыл ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

22 ақпанда Ұзынағаш ауылының тұрғыны полицияға шаруа қожалығының қорасынан бес жылқысының ұрланғаны туралы арызданды. Беймәлім адамдар жәбірленушіге 5 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 және 34 жастағы екі күдіктіні ұстап, қамауға алды. Ұрланған мал табылып, заңды иесіне қайтарылды, — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да