Астанада жалған билетпен ұшпақ болған жолаушы ұсталды. Бұл туралы Астана ҚАЖД хабарлап отыр.
Астанада ер адам жалған билетті пайдаланып ұшаққа мінуге тырысқан. Оның әрекеті отырғызу талонын тіркеу кезінде анықталды. Ол ұсталып, сот шешімімен 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.
Елордадағы пробация қызметі азаматтың әрекеті ҚР қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі бойынша сараланғанын нақтылады.
Ол астаналық пробация қызметінің есебіне қойылды. Акимат маманы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, сотталған азамат қала аумағында қар тазалау жұмыстарымен айналысады. Егер ол қоғамдық жұмыстардан жалтарса, пробация қызметінің қызметкерлері бұл жазаны қамауға ауыстырып, оны бас бостандығынан айыру орындарына жібере алады, – деді Астана пробация қызметінің бастығы Ернар Ильяшев.