Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жолдардың бірі жабылды.
Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
22 қаңтар сағат 15.00-ден бастап 23 ақпан сағат 08.00-ге дейін Катонқарағай ауданындағы жергілікті маңызы бар «Согорное-Барлық» тасжолының 1-25 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтады. Бұл жол бүгін таңертең ғана ашылған болатын.
Себебі бұл жолда қар көшкіні қаупі әлі де жоғары болып тұр. Көлік жүргізушілерінен өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз. Алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобайл қолданбасы арқылы тексеріп отырған жөн, — делінген хабарламада.