Басты бетЖаңалықтарҚарағандыда екі баласын да сатып жіберген әйел ұсталды

Қарағандыда екі баласын да сатып жіберген әйел ұсталды

Қарағандының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында бала саудасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2022-2024 жылдар аралығында ауыл тұрғыны екі баланы дүниеге әкеліп, оларды перзентхана қызметкерінің көмегімен әрқайсысын 3 миллион теңгеден сатқан.

Ол баладан туыла салып бас тартқан. Кейін перзентхана қызметкері Астанада тұратын алматылық, баласыз ерлі-зайыптылармен байланысып, нәрестені 3 миллион теңгеге сату мәмілесін ұйымдастырған. Екі жылдан кейін дәл осындай жағдай қайталанып, әйел тағы бір сәбиін дүниеге әкеліп, оны да 3 миллион теңгеге сатқан.

Полиция қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс қозғады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да