Прокурордың актісі бойынша Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстары мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Ұлытау облыстық прокуратурасы хабарлап отыр.
Ұлытау облысының игіліктерінің бірі, сонымен қатар энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі — Кеңгір су қоймасы саналады. Су қоймасы 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуға тиіс. Бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын Kazakhmys Distribution ЖШС балансына берілген.
Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы су ресурстары министрінің атына ұсыну енгізді. Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды. Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, — делінген хабарламада.