Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500–506 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,76 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,63 теңге. Еуро — 521,70.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 504,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 522—527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506,5 теңге, сатып алу құны — 500,5 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,53-5,67 аралығында саудаланып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да