Елордада 22-23 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірінен жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды сатып ала алады.
Іс-шара 22 және 23 ақпанда сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы Koktal сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.