Басты бетЖаңалықтар«Шерзат Болатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр: Полиция...

«Шерзат Болатты өлтірді» деп айыпталған күдіктілер түрмеде туған күн тойлап жүр: Полиция не дейді?

Видео Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау изоляторында 8-9 ақпанда түсірілген. Видеоны UlysMedia сайты жариялады.

Алматы облысының полиция департаменті пікір білдіріп, изолятор басшылығы жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Барлық кінәлі адам, әсіресе басшылық қатаң жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 4 қазанда 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен.

Жасөспірім ауруханада қаза болды. 9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да