Басты бетЖаңалықтарҚарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай бостандыққа шықты

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай бостандыққа шықты

Қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратбай бостандыққа шықты. Бұл туралы Ақылбек Мұратбайдың қарындасы Фариза Нарбекова Instagram-парақшасында жазды.

Фариза Нарбекова Ақылбек Мұратбайдың фотосы мен видеосын жариялады. Ол қолдау көрсеткен Қарақалпақ диаспорасына, журналистерге және құқық қорғаушыларға алғыс білдерген.

Мені қолдап, мен үшін алаңдаған баршаға алғыс айтамын. Түрмеде отырған кезең мен үшін де, менің отбасым үшін оңай болған жоқ. Ең әуелі менің амандығымды тілеп, әр күнін уайыммен өткізген қайсар әрі әдемі әйеліме, әпкелеріме, анам мен әкеме алғыс айтамын, – деді ол.

Ақылбек Мұратбай – Қарақалпақ белсендісі, Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісі. Ол абақтыда 12 ай отырып, Алматының тергеу изоляторынан бостандыққа шықты.

Өзбекстан билігі Ақылбек Мұратбай мен бірнеше қарақалпақ белсендісін Өзбекстанға экстрадиция жасауды сұраған. Қазақстан үкіметі белсенділерді берген жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да