«Заң жобасының міндеті балаларды физикалық және психикалық денсаулығына, имандылық, рухани, психикалық, физикалық және әлеуметтік жағынан дамуына зардабын тигізетін ақпараттан, оның ішінде зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, порнографияны, қоғамға жат әрі құқық бұзушылық әрекетті насихаттайтын баспа, дыбыс пен бейне өнімдерін, электрондық және компьютерлік ойындарды таратудан қорғаудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктері мен заңнамалық кепілдіктерін енгізу болып табылады. Осы орайда әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі ескеріліп отыр», — деп нақтылады депутат Бекболат Тілеухан.
Заң жобасында балаларға тыйым салынған ақпараттық өнімді кәмелетке толмағандарға таратқаны, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу көзделеді.