Қазақстандық спортшылар ІХ қысқы Азия ойындарының фристайл-акробатика сынында үздік нәтиже тіркеп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандастарымыз Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Қытайлық спортшылар күміс және қола медалды өзара бөлісті.
Тағы бір қазақстандық жұп Дінмұхаммед Райымқұлов және Асылхан Асан 83.96 ұпай еншілеп, төртінші орынан көрінді.
Айта кетейік, бұл — Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы екінші алтын медалі.
Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.
Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.
Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.
Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.
ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғышы Олжас Климин қола жүлдеге қол жеткізді.
Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында қола жүлде жеңіп алды.