Димаш Құдайберген ЭКСПО аясында екі концерт береді

Димаштың концерті туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Министрдің айтуынша, Димаштың 22 мың адамдық «Астана Арена» стадионында өтетін концертіне алты күннің ішінде 7 мың билет сатылып кеткен.

«Сондықтан қазіргі уақытта біз Димаш Құдайбергеннің екінші концертін ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатырмыз», — деді министр.

ДереккөзInform.kz