Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында қола медаль алды. Бұл туралы ҰОК хабарлап отыр.
Қазақстан спортшылаы командалық спринтте үшінші орынға ие болды. Қола медальді Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина әкелді.
Алтын жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы жеңіп алды, ал Қытай күміс медаль иеленді.
Бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді. Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды. Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды. Шорт-тректен әйелдер құрамасы “күміс”, ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.