Адам ағзасына ең пайдалы үш өнім

АҚШ ғалымдарының пікірінше, денсаулықты нығайту үшін адамға алма қажет. Онда жүрек-қан тамырлары мен онкологиялық аурулардың алдын алуға қабілетті табиғи заттар мол.

Бұдан басқа, дәрігерлер сәбіздің пайдалы екенін айтты. Ол ас қорыту жүйесіне оң ықпал етіп, ішек жұмысын жақсартады.

Грек жаңғағы қан қысымын реттейді.

Диетологтар алма, сәбіз, грек жаңғағы адам ағзасының жасушаларын табиғи түрде қалпына келтіруге қабілетті екенін айтады. Сондай-ақ олар дәрумендерге бай.

ДереккөзInform.kz