Ғалымдар шаш арқылы адамның ауруын анықтаудың жаңа тәсілін тапты

 

Ғалым Владимир Отмаховтың айтуынша, шаш арқылы адам ағзасындағы маңызды микроэлементтерді зерттеуге болады. Ал олардың ауытқуы ағзадағы түрлі аурулардан хабар береді. Сондықтан шашқа микроэлементті сараптама жасау — ауруларды анықтап, қажетті ем-жомын тез арада жасауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, аталған тәсіл арқылы бірден 30 химиялық элементтің концентрациясын анықтауға болады екен.

«Әдетте бір тал шашты ерітіндіге салып, кейін құрамын қымбат реагенттер арқылы зерттейді. Ал біздің тапқан жаңа тәсіліміздің сыры мынада: біз шашты арнайы камерада 400-450 Цельсий градус температурада жағамыз да, қалдығын зерттейміз»,- дейді ғалымдар.

Жаңа тәсіл тиімділігін көрсетіп үлгерген. Ғалымдар ишемиялық инсульт алған адамдардың шашып зерттеп, ондағы элементтердің өзгергенін анықтады. Осыдан кейін аталған технология аттестаттаудан өтіп, Ресейдегі Федералды ақпараттық қорға енгізілген.

ДереккөзTass.ru