Басты бетЖаңалықтарМинистр: Биыл елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады

Министр: Биыл елімізде 4 мың шақырым жол ақылы болады

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында биыл 4 мың шақырым жол ақылы болатынын мәлімдеп отыр.

Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкция және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде «ақылы» статусын кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Қазір республика бойынша ұзындығы 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. 2024 жылы түсім 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады, — деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуына қарағанда, олардан келетін түсім көлемі биыл 60 миллиард теңгеге, келесі жылы 100 миллиард теңгеге дейін жету керек.

Ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатыр, — деді Марат Қарабаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ