Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 521–527 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,60 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,25 теңге. Еуро — 534,27.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523 теңге. Еуро 535—539 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19-5,29 аралығында саудаланып жатыр.