Басты бетЖаңалықтарАқтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді

Ақтөбеде әлеуметтік картопты сатуға шектеу енгізілді

Ақтөбеде картоп әлеуметтік павильондарда бір келісі үшін 116 теңгеден шектеулі мөлшерде сатылып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлап отыр.

Жергілікті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алыпсатарлармен осылай күресуді жөн көріп отыр. Себебі, арзан картопты қаппен алғысы келетіндер көп. Сондықтан коммуналдық базарлардағы саудагерлерге шектеу енгізу қажеттігі айтылған.

Жергілікті тұрғындар тұрақтандыру қорынан алынған әлеуметтік бағадағы картоптың сапасына шағымданып жатыр. Картоп арасында бұзылған, ұсақ өнім көп дейді.

Сұрыпталған және ірі картоптың бір келісі — 399 теңге.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ