Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған адам сотталды

Жетісу облысында басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған адам сотталды

Жетісу облысында бұрынғы компания қызметкері басшысын бопсалап, пәтерін тартып алмақ болған. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Прокуратура мәліметінше, кәсіпкердің коммерциялық қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпаратты жария етпеу үшін 16 миллион теңге тұратын пәтерді талап еткен.

Полиция қызметкерлері күдіктіні пәтер құжаттарын алу кезінде қылмыстық әрекеттің жолын кескен.

Сот сотталушыны ҚК-нің 194-бабы (бопсалау) бойынша кінәлі деп танып, оған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді. Жетісу облысының прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді бопсалау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ