Алматыдағы екі қабатты тұрғын үйдің дәлізінен жаңа туған сәби табылды. Бұл туралы полиция хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйдің тұрғындары тауып алған. Олар бірден тәртіп сақшыларына хабар берген.
Қазіргі уақытта сәби ауруханада жатыр. Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының кім екенін және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр, — дейді полицейлер.
Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 119-бабы (қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша 100 АЕК-ке (393 200 теңгеге) дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейiнгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 45 тәулікке дейін қамаққа алу жазасы қарастырылған.