Басты бетЖаңалықтарТрамп пен Путин кездесе ме?

Трамп пен Путин кездесе ме?

Владимир Путин «Россия 24» телеарнасына сұхбат беріп, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетінін айтты.

Шынында да, бізге кездескен дұрыс болар. Бүгінгі күннің шындығына сүйене отырып, АҚШ-ты да, Ресейді де қызықтыратын барлық бағыт бойынша мәселелерді байсалды түрде сөйлескеніміз жөн болар. Біз дайынбыз деді, – деді Ресей президенті.

Владимир Путиннің Дональд Трамппен сөйлесуге дайын екенін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та мәлімдеген.

Кездесу туралы Дональд Трамп та жиі айтып жүр. Ол Путин соғысты тоқтату туралы келіссөзден бас тартса, Ресейге жаңа санкция салынатынын айтқан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық