Қазақ баласы Дастан Сәтпаев «Челси» клубына ауысты. Бұл туралы сенімді инсайдер Фабрицио Романо X желісінде жазып отыр.
«Челси» Дастан Сатпаевты 4,3 млн еуроға сатып алған. Бірақ келісімшарт 2026 жылы, Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.
Қазақ футболшыға «Челси» ғана емес, «Байер», «Зальцбург», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» сияқты ірі клубтар қызыққан.