Алматыда 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда қолданысқа берілген тұрғын үйлер саны азайған. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2040 жылға дейінгі бекітілген бас жоспар бойынша құрылыс тығыздығын төмендету және жасыл аймақтарды ұлғайту көзделіп отыр.
Бас жоспарға байланысты 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 10,3%-ке төмендеді. 2023 жылы 2,67 миллион шаршы метр болса, 2024 жылы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — делінген хабарламада.