Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бұрқасын болып, жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп тұр.
Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қаңтар күні сағат 14:00-де Громотуха өзенінің маңындағы тау шатқалында қар көшкіні жүрген. Соның салдарынан «ЛК-ГЭС» ЖШС-ның су жинағышында су деңгейі төмендеп кетті.
Халықты сумен қамтамасыз ету мақсатында су электр станциясы мен «Қазцинк» ЖШС-не су беру уақытша тоқтатылды. «Су арнасы» кәсіпорнындағы резервтік жер асты су алғышын іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Қар көшкіні сумен шайылады. Жағдай бақылауда, — делінген ақпаратта.