Басты бетЖаңалықтарҚазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдені жеңіп алды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасы шорт-тректен қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылар 2 мың метрлік қашықтықта аралас сында аса тартысты бәсекеде үздік үштікке ілікті. Аталған жарыста ел намысын Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай қорғады.

Спортшылар 2:44.815 уақытпен мәре сызығын үшінші болып қиды. Оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қытайлықтар күміс жүлдеге ие болды.

Бәсеке өте жоғары болды. Команда бәріне әзір еді. Бірінші орынға да таласуға болар еді. Тактикалық, бәлкім, дене дайындығы жағынан сәл жетпей қалды, — деді жарыстан кейін Алина Әжіғалиева.

Осылайша, қазақстандық спортшылар универсиадада 13-інші медальді жеңіп алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ