7 мамыр күні Астанадағы қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді

Төмендегі қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі:

№2 бағыт

«Промышленный» ТК» бастапқы аялдамадан бастап Бауыржан Момышұлы даңғылымен Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары Қаныш Сәтбаев көшесіне оңға бұрылып, Бейімбет Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы арқылы жүреді. Одан кейінгі қолданыстағы бағдар бойынша қатынайды. Кері бағытта дәл осы бағдармен жүреді.

№3 бағыт

«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Жирентаев пен Петров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін Петров пен Сәтбаев көшелерінен, Момышұлы мен Жұмабаев даңғылдарына солға бұрылып «Сарайшық» ТК» соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері бағытта дәл осы жолмен қайтады.

№4 бағыт

«Көктал-2» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан бастап Сәтбаев пен Майлин көшелеріне дейін өзгеріссіз, одан кейін Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы күйші Дина көшелерімен Сәтбаев көшесіне солға бұрылады да мұнан ары қолданыстағы бағдармен қатынайды. Кері бағытта осы бағдармен жүреді. Шартты түрдегі соңғы нүкте Тәуелсіздік даңғылындағы «Шарль де Голль көшесі» аялдамасы.

№14 бағыт

Соңғы аялдамасы Тәуелсіздік даңғылындағы «Гранд Астана» ТК-ден Ақыртас көшесіндегі «Қараөткел» тұрғын үй алабы аялдамасына уақытша ауыстырылады.

№19 бағыт

«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Сәтбаев-Майлин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, Майлин көшесі Тәуелсіздік даңғылы Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылымен тура, одан ары қолданыстағы бағдар бойынша жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

№21 бағыт

«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамадан Қонаев көшесі мен Мәңгілік ел даңғылына дейін өзгеріссіз, одан кейін солға бұрылып, Шалқыма көшесі, Шарль де Голль көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Майлин көшесі, Жұмабаев даңғылы арқылы жүріп, Жұмабаев көшесімен «Сарайшық» ТК» соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

№26 бағыт

«Астанаинерт» бастапқы аялдамадан Петров пен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары Сәтбаев көшесімен «Қараөткел» тұрғы үй алабы соңғы аялдамасына дейін тік жүреді. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

№29 бағыт

«Күйгенжар» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан Айнакөл көшесі мен Жұмабаев даңғылы қиылысына дейін өзгеріссіз, одан ары оңға бұрылып Жұмабаев даңғылы, Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Қонаев көшесімен жүреді. Мұнан арғы бағдары өзгеріссіз қалады. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

№32 бағыт

Тәуелсіздік даңғылындағы «Ж.Нәжімеденов көшесі» соңғы аялдамасы Мәңгілік ел даңғылындағы «Министрліктер үйі» аялдамасына уақытша ауыстырылады. Кері бағытта Мәңгілік ел даңғылы Достық көшелерімен одан ары қолданыстағы бағдармен жүреді.

№40 бағыт

«Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамаданТәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшелеріне дейін өзгеріссіз, одан ары Шарль де Голль, Шалқыма көшелерімен Мәңгілік ел даңғылына түсіп, қолданыстағы бағдармен қатынайды. Кері бағытта дәл осы сызбамен жүреді.

№61 бағыт

«Теплотранзит» бастапқы аялдамада Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшесі қиылыстарына дейін өзгеріссіз, Шарль де Голль, Шалқыма көшелеріне түсіп, одан ары қолданыстағы сызба бойынша қатынайды. Кері дәл осы бағытта қатынайды.

№15 бағыт

«Железнодорожный» тұрғын үй алабы соңғы аялдамадан бастап Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз. Одан кейін оңға бұрылып, Сәтбаев көшесі, Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

№51 бағыт

«Ақмола облыстық №2 аурухана» бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып, Сәтбаев көшесі, Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

№56 бағыт

«Промышленный» тұрғын үй алабы бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып, Сәтбаев көшесі, Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылы арқылы қатынайды.

№101 бағыт

«Ақмола облыстық №2 аурухана» бастапқы аялдамадан Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан кейін оңға бұрылып, Сәтбаев көшесі, Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылы, Шарль де Голль көшесі, Шалқыма көшесі, Мәңгілік ел даңғылы арқылы жүреді.

Айта кетейік, 7 мамыр күні ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай әскери техникалардың қатысуымен өтетін әскери шеру кезінде таңертеңгі сағат 6-дан түскі 3-ке дейін барлығы төрт бағыттағы қозғалысқа өзгеріс енгізіледі.

ДереккөзInform.kz