Басты бетЖаңалықтарЖезқазған шахтасындағы кеншінің өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

Жезқазған шахтасындағы кеншінің өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады

«Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің Анненск шахтасында болған кеншінің өліміне қатысты Ұлытау облыстық полиция департаментіне ресми мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Анненская шахтасында өліммен аяқталған өндірістік жарақат фактісі бойынша Сәтбаев қаласының полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-бөлігі (абайсызда адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында Ұлытау облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы бар. Оқиға болған жерді тексеру және тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында, — делінген облыстық ПД хабарламасында.

СОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР