«Қазселденқорғау» ММ мәліметінше, Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданында облыстық маңызы бар «Өскемен — Самара» автожолының 101-ші шақырымында жалпы көлемі 370 м3 қар көшті. Бұған жауын-шашын мол түсуі мен желдің күшеюі себеп болған.
Адамдар зардап шекпеген, ғимарат қирамаған. Қар көшкіні жолды жауып тастаған еді. Жолды «Облшығысжол» ЖШС күреп, ашқан.
Өңірде 2025 жылғы 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды.
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар көптеген ошақ автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамай, қауіпті аймақтан тез кету керек.