Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті. Бұл туралы елорда әкімінің реси сайты хабарлап отыр.
Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шартының мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100%-і Астана қаласының коммуналдық меншігіне өтті, — деп жазылған хабарламада.
2025 жылғы 7 қаңтарда мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылғы 7 қарашадан басталған.
Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.
