Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Бүгін елімізде жел күшейіп, тұман түседі

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, бүгін атлантикалық циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын алып келеді.

Еліміздің батысына, оңтүстігіне қар және жаңбыр жауады, қалған аумақтарында қар жауады. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте бұрқасын, батысында, оңтүстігінде – көктайғақ болады.

Мақалаға реакция