Алматыны қашан да әсем қала дейміз. Baribar.kz тілшісі оңтүстік астананың кешкі сәтінің кадрларын ұсынады.
Фототілші қала кешін аралап шыққанда я тұман басып тұрғаны белгісіз, я ауа ластанғаны белгісіз, әйтеуір аймақ анық көрінбеді.
Алматыда жаңа жыл тойланғаны білінеді. Соның белгісі ретінде қаладағы ірі ғимарат алдындағы шыршалар әлі жарқырап тұр.
Абай алаңына қойылған бас шырша ерекше жарқырайды.
Президент паркі алдында коньки тебетін мұз айдыны бар. Күн бата мұнда халық көптеп жиылып қалады.
Қала жаңа жылға арнап безендірілген қалпын әлі сақтап тұр. Тұрғындар түнде жарық болған әрі сән болған майда шамдар алдында фотоға түсіп жүр.
Мега-парк алдындағы айналма көз қашанда түрлі-түске боялып, алыстан мен мұндалайды.
Дәмханалар қалада өскен тірі шыршаға ұсақ шамдар іліп, ертегідей күйге бөлеп қойыпты.
Фототілші Бақдәулет Әбдуалы қаланың басым бөлігін аралап болып, арбаттың әсемдігін көруге бет алды.
Алматыны аралағанда әйгілі Вознесенский шіркеуіне соқпай кету мүмкін емес. Қаладағы ең үлкен шіркеу алдына да мұз айдыны қойылыпты. Онсыз да әсем шіркеу, ұсақ шамдар ілгенде тіпті ажарлана түсіпті.