“ҚазАвтоЖол” көлік қозғалысын шектеуге қатысты хабарлама жариялады.
Келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
Батыс Қазақстан облысы:
Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 273-392 шақырым аралығындағы учаскесі (Барбастау ауылы — Жымпиты ауылы);
Орал-Тасқала-РФ шекарасы автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскесі (Орал қаласы — РФ шекарасы);
Атырау-Орал автожолының 372-492 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақжайық ауылы — Орал қаласы).
Жолды 2025 жылғы 11 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.